Маңғыстауға Біріккен Араб Әмірліктерінен 7,5 тонна гуманитарлық көмек келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың БАӘ басшыларымен жүргізген келіссөзі нәтижесінде аймаққа гуманитарлық көмек келіп жетті. 7,5 тонна жүк тиелген әуе кемесі Ақтау халықаралық әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келген көмектің ішінде 25 өкпені жасанды желдету аппараты, 95 мың бетперде, 100 мың антиденені анықтайтын тест, 250 мың медициналық қолғап, 15 мың қорғаныш халаты және 6 мың қорғаныш жапқышы бар.

Бұл медициналық жабдықтар Маңғыстау облысындағы барлық қала мен аудандардағы медициналық ұйымдарға үлестіріліп беріледі.

Гуманитарлық көмектің дұрыс бөлініп, мақсатты жұмсалуын әр қала мен ауданда арнайы құрылған комиссия қадағалайды. Комиссия құрамына жергілікті депутаттар, қоғам белсенділері мен мемлекеттік орган өкілдері енеді.


Маңғыстау өңірінің басшысы көмек қолын созған Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен Абу Даби билеуші әулетінің өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға ризашылығын білдірді.


Соңғы жаңалықтар