Маңғыстаудың киелі жерлері: Кенті баба қорымы мен Сұлтан үпі жерасты мешіті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласынан 150 шақырым қашықтықта, Қаратау тау тізбегінің батыс бөктерінде Самал шатқалы бар. Оған жақын жерде -Шерқала тауы орналасқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.













Көктем мезгілінде Маңғыстаудағы көптеген шатқалдардың бұлақтары суға толып, кейде сарқырамаға айналады. Жазда олардың дені құрғап қалады, алайда Самал шатқалындағы бұлақтар жыл он екі ай бойы тоқтаған емес. Шатқалда долана, тікенді бұта, қамыс, көптеген дәрілік өсімдіктер өседі. Бұл жан жағы тастақты жыныстармен көмкерілген тасты шөлдің орталығындағы алқап. Шерқаланы екінші жағынан Ақмыш бағы қоршап жатыр.















Егер Самал шатқалы табиғи су көздері бар табиғат ескерткіші ретінде қызықты болса, Маңғыстаудағы киелі орындар арасындағы танымал нысандардың бірі - Кенті баба қорымы саналады. Бұл ескі қорым X-XVI ғасырларға тән. Ол Шетпе мен Шайыр ауылдарының аралығында орналасқан. Қорымның үш мавзолейі оның басты нысандары болып табылады, оның екеуі бір-біріне жақын орналасқан, үшіншісі қираған. Мавзолейдің ішінде тар өткел мен жоғары көтерілетін баспалдақ бар. Ол жерде шағын алаң орналасқан. Жоғары көтерілгеннен кейін жалғыз тұрып, намаз оқуға болады. Егер қолыңды жайып, тілек тілесең - Алла қабыл етеді деп саналады.

Туристерге Кенті баба - дүниеден озған адамдардың «киелі» қаласы ретінде таныстырылады. Кенті бабада 130 мемориалдық ескерткіш бар, олардың негізін қойтастар (кіші үлгідегі құлпытас) құрайды. Мұнда үлкен айқастан кейін қаза тапқан ер адамдар көмілген деген жорамалдар айтылады. Қорымның қабырғасында арқарлар, жылқылар, түйелер, үшбұрыштар (тұмар), өрнектер, сондай-ақ киелі орынды зұлым күштерден сақтайды деген сеніммен адамның жайылған алақаны бейнеленген.





















Кенті бабадан екі шақырым қашықтықта Сұлтан үпі жерасты мешіті орын тепкен. Ол IX-XII ғасырларда салынған. Мешіт Маңғыстаудағы жалғыз жалғалаудағы каньонға жақын орналасқан.







«Киелі орын саяхаттаушылардың, көлік жүргізушілері мен теңізшілердің жебеушісі саналады. Сұлтан үпінің емдік қасиеті адамдардың қызығушылығын тудырып келеді. Оның қасында тұщы суы бар құдық бар. Шатқалдың баурайында төбесінде қадалған сырығы бар тас үйінді түріндегі қабыр бар. Тілеумен келгендер бұл сырыққа мата кесіндісін байлап кетеді. Егер қабірді жеті рет айналып, ағаш сырыққа матаны байласа, тілегің орындалады деген наным бар. Ғалымдардың тағы бір болжамына сүйенсек, Сұлтан үпі мешіті Сопылық ордені болған», - деді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры Кирилл Осин.



Сұлтан үпінің рухы бас ауруын емдеуге көмектеседі деген сенім бар... Одан әрі Форт-Шевченко қаласына қарай жүрсең, Жығылған елді мекеніне жетесің, ол жерде тастақты жыныстардан шатқалдың әдемі көрінісін тамашалауға болады...

Соңғы жаңалықтар