Маңғыстаудың Баутин ауылында алғаш рет мешіт салынып жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылында жаңа мешіттің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет тараттың.

Ғибадатхананың сыйымдылығы 100 адамға шақталған. Нысанның іргетасы ақпан айында қалана бастаған.

«Баутин ауылында 4 мыңнан астам тұрғын бар. Тұрғындар тарапынан соңғы жылдары мешіт салу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Өйткені ауыл тұрғындары құлшылық ету үшін 3 км жердегі Форт-Шевченкодағы орталық мешітке баратын еді. Бүгінде мешіт құрылысы қарқынды. Жобаның жалпы құны 60 млн теңге»,-дейді Баутин ауылының әкімі Ерік Жаңбырбаев.

Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар