Маңғыстаудан 700-ге жуық азамат әскерге аттанады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл өңірден 700-ге жуық азамат әскерге аттанады. Бұл туралы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Шақырылғандардың алғашқы легі Атырауға жөнелтілді. Олар №2016 әскери бөлімінде борышын өтейді. Еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны қыркүйек айында басталды. Биыл 1993-2000 жылы туған азаматтар әскерге барады. Азаматтар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне, сосын ҚР Қарулы күштеріне және ҚР Ұлттық Ұланына жіберіледі. Мерзімді әскери қызметке шақыру желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі.

«Әскери шақырылу кезінде іріктеу кезеңі болады. Олардың білімдері, алған мамандықтары бойынша әскерге жөнелтіледі. Оған дейін 40 шақты азаматты Ақтау, Алматы әскери бөлімдеріне жібердік. Енді 600-ден астам жігіт жөнелтіледі», - деді Маңғыстау облыстық Қорғаныс ісі жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Шынболат АҚМҰРАТОВ.

Соңғы жаңалықтар