Маңғыстаудағы жол апатынан жүргізуші қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Toyota Camry мен «Газель» көліктерінің соғысуы салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап tumba.kz хабарлады. 

Жол апаты 29-нан 30 сәуірге қараған түні Ақтау-Форт Шевченко тасжолының 109 шақырымында болған. Алдын ала деректер бойынша, жапон маркалы көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыстағы жолаққа шығып кетіп, «Газель» автомобилімен соқтығысқан. Camry жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

«Апат салдарынан «Газель» автомобилінен өрт шығып, өрт сөндірушілер келгенге дейін толығымен жанып кеткен. Оның жүргізушісі Түпқараған аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар