Маңғыстаудағы медициналық мекемелерге жаңа жедел жәрдем автокөліктері берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының медициналық мекемелеріне жаңа жедел жәрдем көліктері берілді. Бұл туралы облыстың Денсаулық сқатау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында көмек көрсетілді. Нәтижесінде, өңірге 10 оттегі концентраторы және 40 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, облысқа «Shevrolet Damas» маркалы 4 жедел жәрдем көлігі берілді.


«Біз аймақтағы медициналық мекемелерді қолдап жатқан барлық ұйымдар мен ел қамын ойлаған жандарға алғыс айтамыз. Карантиннің алғашқы кезінде қиындықтарға тап болдық. Қазірде біз екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Біздің ынтымақтастығымыз өз жалғасын табатынына сенімдімін», - деді Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Мырзақұлов.



Соңғы жаңалықтар