+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Маңғыстаудағы қуаңшылық: Мал азығы қорын жасауға қосымша қаражат бөлінеді

2021 жылғы 25 қыркүйек 12:04
Бөлісіңіз:
Маңғыстаудағы қуаңшылық: Мал азығы қорын жасауға қосымша қаражат бөлінеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оқу жылы басталғалы 82 маңғыстаулық оқушыдан коронавирус табылды Маңғыстау облысында инфекциялық стационарлардың саны 2 есе қысқарды

Сессия барысында депутаттар қысқы мал азығы қорын жасауға қосымша қаражат бөлуді мақұлдады. Атап айтқанда, қосымша 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 26200 тонна жем мен 4000 тонна шөп сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар депутаттар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын толықтыруға, тұтынуға берілген ауыз су құнын субсидиялауға, Ақтау қалаішілік маршрутының 6 бағыты бойынша автопарктың жаңартылуын субсидиялауға және т.б. бірқатар әлеуметтік маңыздағы мәселелерді қаржыландыруға келісім берді.

Жиынға қатысқан Нұрлан Ноғаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде іске асатынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT