+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында жүк көлігі газ құбырына соғылды

2021 жылғы 2 мамыр 19:37
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында жүк көлігі газ құбырына соғылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда жүк көлігі газ құбырын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ыстанбұлда Түркия мен Ресей кемелері соқтығысты Оралда тренажер сымына оралып қалған бала жансақтау бөліміне түсті СҚО-да жүк көлігі жылу құбырына соғылып, көпқабатты үйлер жылусыз қалды

Оқиға сағат 12:50 шамасында Маңғыстау ауылындағы «Бесшоқы» тұрғын үй орамына кірер жолда болған. Ауыр техника тиеген арнайы жүк тасымалдаушы көлік жоғары қысымды газ құбырын соғып, 7 метр қашықтыққа сүйреп әкеткен.

Апатты оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Аудан әкімі Рахат Тезекбайұлы «Бесшоқыдағы» ауыр жүк көлігінің газ құбырына соқтығысқан апат орнына барды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жедел-жәрдем, ҚазТрансГазАймақ мекемесі тиісті шараларды қолданды. Қазір газ құбырын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Аудан әкімі ҚазТрансГазАймақ мекемесінің қызметкерлеріне 5 мыңға жуық отбасы ертеңге дейін көгілдір отынсыз отыра алмайтынын ескертіп, жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT