Маңғыстауда жол бойынан ер адамның денесі табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бекет ата жерасты мешітінен 40 шақырым қашықтықтан 30-40 жас аралығындағы белгісіз ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомстваның хабарлауынша, 28 шілде күні 102- қызметіне ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Қарақия ауданының жедел тергеу тобы жіберілген.

«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай жүйесіне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлімі» бабы бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады департаменттен.


Соңғы жаңалықтар