Маңғыстауда жедел жәрдем қызметінің басшысы парамен ұсталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысының м.а. 200 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаментінің хабарлауынша, ол бір азаматтан фельдшер болып жұмысқа орналастыру үшін қомақты мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.


Сотқа дейінгі тергеулер жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің дәрежесі бойынша түпкілікті шешімді сот шығарады.

«Елтаев Р.С. өзі отыратын ғимаратта парамен ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігімен іс қозғалған. Аталған баптың 2-бөлігінде 3 жылдан 7 жылға дейін бас ботсандығынан айыру не алынған параның 60 не 70 еселенген көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Ол өзінің кінәсін мойындады»,-дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі МО бойынша департаментінің аса маңызды істерді тергеушісі Әсет Ізбасар.


Соңғы жаңалықтар