Маңғыстауда жаңа жыл түнінде 19 сәби дүние есігін ашты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түрі Маңғыстау облысында 19 сәби дүрие есігін ашты. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың 13-і қыз, ал 6-уы ер бала.

Маңғыстау облысының «Ана мен бала» перинаталдық орталығында 9 нәресте дүние есігін ашты. Олардың 5-уі қыз болса, 4-уі ұл. Ал, Ақтау қалалық перинаталдық орталығында бір түнде 4 қыз бала жарық дүние есігін ашты. Қалған 6 бөбек облыстың өзге де аудандарында туған.


Соңғы жаңалықтар