Маңғыстауда Түрікменстанға баратын жол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі-Түрікменстан Республикасының шекарасы» (Түрікменбашы) автожолы 2019 жылы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан Республикасының шекарасы (Түрікменбашы)» автожолының 73 шақырымы қайта жаңартылып жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін автожол 4 жолақты, І «Б» техникалық санатының талаптарына сәйкес болады. Қазіргі таңда жұмысшылар жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол жабынының төменгі және жоғарғы қабаттарын төседі. Учаскеде 25 темірбетон құбыр орнатылды.

Быилғы жоспар бойынша Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде жол-пайдалану учаскелерін қайта жаңарту және жаңа учаскелердің құрылысы көзделген.

Автожолды қайта жаңартуға 800-ге жуық маман мен 565 техника жұмылдырылды. Жол қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес күре жолдың бойында қоршаулар, учаске бойынша жаңа жол белгілері орнатылады.

Қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады.

Соңғы жаңалықтар