Маңғыстауда облыстық ҚХА мүшелері «Қала жолдары» қызметкерлеріне алғыс айтты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қала жолдары» қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «30 игі іс» қайырымдылық марафонына орайластырылды.

Шараға этно-мәдени бірлестік өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері қатысты.

Іс-шара барысында Маңғыстау облысы ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері «Қала жолдары» қызметкерлеріне ыстық шай мен тәттілер сыйлады, сондай-ақ, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдерге сыйлықтар берілді.

Бұдан бөлек Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Маңғыстау облыстық ауруханасының қызметкерлері үшін «Мың алғыс» акциясын ұйымдастырды.


Соңғы жаңалықтар