Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге екпені үйінде салдырып жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда мобильді топ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге екпені үйінде салып беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров мәлім етті.

«Әлеуметтік осал топтағы және созылмалы ауруы бар адамдарға екпе салу жұмысы үйден жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, 1 күннің ішінде 51 адам екпе алды. Оның алдыңғы күні 3 адам алған. Әрбір емханада қосымша жылжымалы бригадалар ұйымдастырылып, сол бағыттағы жұмысты күшейтіп жатырмыз. Алғашқы күні 3 бригада құрылған. Келесі күні 7 бригада жұмыс жасады. Алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету жекеменшік немесе мемлекеттік мекемелердің барлығында мүмкіншілік бар. Қажетті жағдайда әрбір мекемеден бригадалар дайын. Бүгінгі күні барлық мекемелер осы бағыттағы жұмысты жалғастырып жатыр», - деді Аманбек Жұмыров.


Соңғы жаңалықтар