Маңғыстауда мониторинг топтарының санын көбейту жоспарланып отыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу бойынша карантиндік іс-шараларды іске асыру жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың төрағалығымен COVID-19 таралуының алдын алу бойынша карантиндік іс-шараларды іске асыру жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында нақты шешімдерді талап ететін мәселелер қаралды. Соның бірі – мониторинг топтарының санын көбейту. Бүгінде Маңғыстауда 24 монитоинг тобы бар. Олар карантин талаптарының орындалуын қадағалап, санитарлық нормаларды өрескел бұзғандарды анықтап отыр.

Облыс аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу үшін бірқатар қосымша сақтық шаралары қабылданды. Жедел штаб құрамы өзгерді. Жаңартылған штаб құрамына СЭС мамандары, прокуратура мен жергілікті полиция өкілдері, қала, аудан әкімдері, «Атамекен» ӨКП және өзге де жауапты басқарма басшылары бар.

Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Г.Қалмұратова штабқа өңірдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар