Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілер корпоративтен бас тартып, қаржыны қайырымдылыққа жұмсады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметшілері жаңа жылдық корпоративті тойлаудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы таратқан мәліметке сүйенсек, олар мереке қарсаңында әріптестерімен бас қосуға жиналатын қаржыны қайырымдылық қорларына аударса, енді бір ұжым көмекке мұқтаж жандарға қол созды.

Мәселен, Маңғыстау ауданына қарасты 12 ауылдың әкімдік қызметкерлері 500 мың теңге жинап, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен жаңа жылдық сыйлық үлестірді.

Сондай-ақ, 6 баласы бар арбада отырған анаға қолдау көрсетіп, қаржылай көмек берді. Қарақия ауданының мемлекеттік қызметшілері 631 мың теңге көлемінде қаржы жинап, қайырымдылыққа аударды.

«Қайырымдылық эстафетасын Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жалғады. Ұжым облыстық орталық «Бекет ата» мешітіне 100 мыңға жуық қаржы аударған. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы, Кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Инвестициялар және туризмды дамыту басқармасы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармас «Мы люди мы вместе» қайырмдылық қорына 1 күндік жалақысын аударды», - делінген хабарламада.

«30 игі іс» республикалық акциясы аясын Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері жалғастыруда. Олар тұрмысы төмен отбасыларға ас үй жиһазы мен кереует алып көмектессе, тағы 20 отбасыға азық-түлік жеткізді.


Соңғы жаңалықтар