Маңғыстауда мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының тұрғыны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бірнеше мәрте мас күйінде ұсталған азаматқа қатысты Қарақия аудандық соты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізуші 2019-шы жылы алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін үш жылға көлік басқару куәлігінен айырылған. Шектеу мерзімі өтпей жатып, заңды тағы бұзған. Осыдан бір ай бұрын Қарақия ауданындағы Құланды ауылының маңында құжаты болмаса да көлік жүргізген. Бұл жолы да мас болған.

Айта кетейік, былтырдан бері мас күйде көлік басқарған азаматтарға қатысты жаза қатаңдатылған болатын. 2020 жылы Маңғыстау облысында спирттік ішімдік ішіп, көлік айдаған 152 адамға сот үкімі шыққан.

«Ол бұған дейін 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған еді. Осы құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін ол Қылмыстық кодекстің 346-шы бабының 1-ші бөлігі бойынша айыпты деп танылып, өмір бойы көлікті басқару құқығынан айырылды. Және 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова
Соңғы жаңалықтар