Маңғыстауда «қызыл» статусы бар 10 адам жауапқа тартылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда облысында ҚР ӘҚБтК -нің 425 -бабының 1 -бөлігі бойынша 10 тұрғынға оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санкция бойынша 87 510 теңге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

ПТР тестінің оң нәтижесі бар тұрғындар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» жүйесінде жұмыс істейтін нысандарда қызметтерді қолдануға тырысқан.

Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантинінде жүрген адамдарды өзін-өзі оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.

14 күндік үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар Маңғыстау облысы тұрғындарының тізімі:

1. Ақтау қаласы - Битанов А. О.

2. Ақтау қаласы – Нысан Н.

3. Жаңаөзен қаласы - Жолдасбаева С.К.

4. Жаңаөзен қаласы – Сеидов К.М.

5. Жаңаөзен қаласы – Имашева А. Е.

6. Ақтау қаласы – Кармысов Н.М.

7. Ақтау қаласы - Аяпова Г.Н.

8. Ақтау қаласы - Байдуллаев К.Д.

9. Ақтау қаласы - Сагизова Ж.

10. Ақтау қаласы - Суюнов О.У.


Соңғы жаңалықтар