Маңғыстауда қызметін асыра пайдаланған онкология диспансерінің басшысына қатаң сөгіс берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері басшысының қызметін асыра пайдаланғаны анықталды. Ол туған қызын лауазымды қызметке тағайындап, тәртіптік жазаға тартылған бірқатар қызметкерге мемлекеттік бюджеттен негізсіз сыйақы берген, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағалидың мәліметінше, мемлекеттік сатып алу тікелей шарт жасау арқылы бір көзден алу фактісімен жасалған.

Диспансер басшысы мемлекеттік сатып алу кезінде жалпы сомасы 2 600 000 теңгені жұбайының атына тіркелген серіктестікке аударған.

«Мысалы 2020 жылы шілде айында «Метака» ЖШС-мен жалпы сомасы 1 270 000 теңгені құрайтын дезинфекциялауға арналған туннель камерасы, температураны өлшейтін құрылғы осындай жолмен сатып алынған. Сондай-ақ, былтыр наурыз айында жалпы сомасы 4 млн теңгеден асатын конференцияларды ұйымдастыру және респираторлар шарт жасалмай сатып алынған. Бұдан басқа талдау барысында диспансерде 2019 жылы жұмыскерлерді оқыту бойынша көрсетілген қызметтерді сатып алу қағаз нұсқада жасалған мемлекеттік сатып алу құжаттары жоғалғаны анықталды. Кей келісімшарттың ресми құжаты да болмай шықты», - деді ол.

Антикор орталығының мамандары аталған заңбұзушылықтар бойынша хаттама толтырып, құзырлы органдарға жолдаған.

Диспансер басшысына қатаң сөгіс жарияланған.


Соңғы жаңалықтар