Маңғыстауда КВИ жұқтырғанына қарамастан қоғамдық орында қыдырып жүргендердің тізімі жарияланды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «қызыл» статусы бар тәртіп бұзушылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында карантинді бұзушыларға қарсы шараларды күшейтіп, олардың есімін қазақстандық БАҚ-та жариялау туралы шешім қабылданған еді.

Маңғыстауда облысының 7 тұрғынына қатысты оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Айыппұл көлемі - 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 87 510 теңге.

ПТР тестінің оң нәтижесі бар адамдар қоғамдық орындарға барып, ASHYQ бойынша жұмыс істейтін нысандарда қызметтерді қолдануға тырысқан.

Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантинінде жүрген адамдарды өзін-өзі оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.

«Тәртіпке бағыну - әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Біз өзіміз үшін ғана емес, сонымен қатар балаларымыздың, отандастарымыздың, бүкіл қоғамның денсаулығы үшін жауаптымыз», - деп хабарлайды облыстық СЭБД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер барлық шартты сақтауы керек. Өйткені қазір тұрғындардың денсаулығы басты орында.

14 күндік үй карантинін бұзған «қызыл статусы бар» Маңғыстау облысы тұрғындарының тізімі, оларға қатысты айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылды:

1. Шапенова А. Д (Ақтау қ.)

2. Сағындыққызы А (Ақтау қ.)

3. Иманкулова Ш.Ж (Ақтау қ.)

4. Махарова А (Ақтау қ.)

5. Нурсейтова Т.К (Ақтау қ.)

6. Изжанова Е.Т. (Ақтау қ.)

7. Ізтұрғанова М.К (Маңғыстау ауданы)


Соңғы жаңалықтар