+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Маңғыстауда көлік көп жүретін тас жол жарықтандырылады

2019 жылғы 6 желтоқсан 00:33
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда көлік көп жүретін тас жол жарықтандырылады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы сағатына 450-ге дейін көлік жүретін Ақшұқыр ауылы мен Сайын Шапағатов ауылының арасындағы асфальт жолын жарықтандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтау-Форт-Шевченко» тас жолының 13,5 шақырымынан бастап 28 шақырымына дейінгі автожолды жарықтандыру 2018 жылы басталған болатын.

Қазіргі таңда нысанның жоғарғы кернеулі электр желілері тартылып, «КТП» электр құрылғылары, сондай-ақ жол бойындағы жарық бағаналары орнатылуда.

Аталған жолдағы автокөлік қарқынының көптігіне (сағатына 450 көлік) байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін ескере отырып, жобаға өзгерістер енгізілген.

Мәселен, енді жаяу жүргіншілер жолағы түрлі-түсті етіп боялады. Бастапқы жобада қаралған темір бағаналардың орнына заманауи бағаналар орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, мердігер мекемемен келісім негізінде жарық бағаналарын орнату бұрын Ақшұқыр ауылы 14 шақырымнан басталады деп белгіленген болса, енді 13,5 шақырым тұсынан, яғни «Бегей» тұрғын үй алабы маңынан басталатын болады. Құрылыс жұмыстары жоспарлы жүруде.

Аудандық әкімдік өкілдерінің айтуынша, жарықтандыру жұмыстарын жыл соңына дейін бітіру көзделіп отыр. Ж обаға қаражат аудандық бюджеттен бөлінген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT