Маңғыстауда көлік апатынан бір адам мерт болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы тас жолдағы көлік апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы «Құрық-Шетпе» тас жолының 74 шақырымында орын алды.

Облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға туралы шақыру 20 қазанда сағат 16:00-де Қарақия аудандық полиция бөлімінің «102» кезекші пультіне түскен.

«ВАЗ 21905» жүргізушісі Шетпе кентіне қарай кетіп бара жатып, рульді басқара алмай, жол жиегіндегі қоршауға құлаған. Кейін қарсы бағыттағы «УАЗ 33036» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды. Тағы бір жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар