Маңғыстауда кей ауруханаларда өртелуге тиіс препараттар қоқыс жәшігінде жатқан

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Облыстық арнайы мониторингілеу тобы мүшелері жүргізген тексеріс кезінде Маңғыстау аудандық ауруханасында өртелуге тиісті пайдаланылған препараттар қоқыс жәшігінде жатқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы және облыстық Арнайы мониторингілеу тобы мүшелерінің қатысуымен аймақтағы мемлекеттік ауруханаларға, емханаларға және перзентхана орталықтарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг барысында ауруханалар мен емханалардың медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі, болашақ аналардың скринингтен өткені, қанша нәресте туғаны, олардың амбулаториялық тексерістен өтуі және бала өлімі деректеріне мониторинг кезінде аса мән берілген.

Талдау нәтижесінде Маңғыстау облыстық ауруханасында сатып алу шарты бойынша 2019 жылдың басынан бері медициналық жабдықтар алынбағаны, облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәрестелерге арналған төсектің жетіспеуі, Маңғыстау аудандық перинаталдық орталығында медициналық жабдықтарды қолдану және сақтауда санитарлық нормалары сақталмағаны және Маңғыстау аудандық ауруханасында өртелуге тиісті пайдаланылған препараттар қоқыс жәшігінде жатқаны анықталды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша жұмыс тобы талдау анықтамасын жасақтап, мониторинг жүргізген медицина мекемелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізді.

Соңғы жаңалықтар