Маңғыстауда Каспий күні аталып өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 12 тамыз - Каспий күні. 2006 жылы күшіне енген Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясы аясында жағалауда орналасқан бес мемлекет жыл сайын бұл күнді атап өтеді. Ал, еліміз бойынша Маңғыстау мен Атырау облыстары ғана тойлайды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған орай, өңірде бірнеше шара ұйымдастырылды.

Мереке аясында алдымен балаларға арналған мерекелік шара өтті. 10-14 жас аралығындағы 60-тан астам оқушы «Каспий теңізі», «Ақтау қаласы», «Қоршаған орта» тақырыптарында суреттер салды.

Одан соң, ұлттық ойындар: асық ату, арқан тартыс және би бойынша сайыстар өтті. Бәсеке жеңімпаздарына және қатысушыларға сыйлық ретінде мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

Сондай-ақ, Ақтаудан 20 шақырым қашықтықта орналасқан жағалауға 30-ға жуық балықшы жиналды. Олар өздеріне қарасты аймақты тазалауға үлес қосты. Осылайша, 80 қап қоқыс жинады.

«Толықтай жинап, салдық. Бұл балықшылардың қоқысы емес, олар үнемі жинап жүреді. 50-100 метр аумақты тазалап кетеді. Бұл демалушылардың қоқыстары. Мысалы, қазір Германиядан келген туристер демалып

жатыр»,-дейді балықшы Виктор Розенко.

Шара барысында балықшылар ұсыныс жасады. Айтуларынша, қоқысты жинауға арналған контейнерлер теңіз жағалауында болу керек. Демалушыларға да бұл ыңғайлы болады,-дейді олар.


Соңғы жаңалықтар