Маңғыстауда қандаланы дезинфекциялау кезінде үш адам уланып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының 3 тұрғыны қандаланы дезинфекциялау барысында уланып қалды. Бұл туралы өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрбол Оқуовтың айтуынша, жедел-жәрдемге хабарландыру түскеннен соң 9 минут ішінде дәрігерлер оқиға орнына барған.

«2003, 2006 жылғы жасөспірім мен 1978 жылы туған әйел адамға »химиялық улану« диагнозы қойылған. Барлығы да стационарға жеткізіледі. Алғашқы көмек көрсетілген. Қазір олар емін алып, үйлеріне жіберілген»,- деді Нұрбол Оқуов.







Соңғы жаңалықтар