Маңғыстауда ірі көлемде қаражат жымқырған есепші әйел 7 жылын түрмеде өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің бас есепшісі аса ірі мөлшерде қаражат жымқырғаны үшін 7 жылға қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

«Маңғыстау облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарақия ауданы әкімінің аппаратының бас есепшісі Р. Байтүзелова мен статист Р. Базарбаеваға қатысты тергеуді аяқтады. Олар жалақы, демалыс төлемдері, бонустық төлемдер және іссапар шығыстары түрінде карталық шотқа заңсыз аудару арқылы 18 745 011 теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», - деді Д. Бигайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте.

2020 жылдың 15 маусымында Қарақия аудандық сотының үкімімен Р. Байтүзелова аса ірі мөлшерде қаражат жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 74-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, сотталушының 2017 жылы туған сәбиі 14 жасқа толғанша бас бостандығынан айыру жазасы 2031 жылдың 28 маусымына дейін шегерілді.

Ал Р. Базарбаеваға қызметтік жағдайын пайдаланып, қаражат жымқырғаны үшін 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар