Маңғыстауда иен далада жоғалған әйел мен баланы екі күн бойы іздеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында анасы мен баласы жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz порталына слітеме жасап.

Бір топ адам «Ақтау - Бозжыра - Қызылқұпы - Қарынжарық - Бұлойық үңгірі» бағыты бойынша жолға шыққан. Топ ішінде Ольга атты келіншек басқалардан бөлініп, басқа жолға түсіп кеткен. Көлікте анасымен бірге жасөспірім бала болған. Оларды екі күн бойы іздеді.

Келіншектің құрбысы Ирина Муравьеваның айтуынша, 4 көлік 29 тамызда туристік сапарға шығады. Арада бір тәулік өткенде олар Үстірт қорығына жетеді. Сол жерге түнеп, ертеңінде туристер соңғы нүкте - Бұлойық үңігіріне қарай аттанған.

«Жолда кетіп бара жатқанда Ольга бізге басқа жолмен баратынын ескертті. Өйткені ол бұған дейін де әлгі үңгірге бірнеше рет барған. Көлікте жанармай жеткілікті еді. Біз үңгірде кездесеміз деп келістік. Бірақ діттеген жерге жеткенде Ольганы таппадық. Ол бәріміз жолға аттанған нүктеге қайтып кеткен болар деген оймен біз артқа қайттық. Бірақ оны еш жерден таппадық. Шекарашылар мен қорықшылар ешқандай көлікті көрмедік деді. Біз өз бетімізше іздеуге кірісіп кеттік. Жолай «Легион тур» бірлестігінің адамдарын кездестірдік, олар өз шаруасын ысырып қойып, бізге көмекке келді. Жарты тәулік іздеп таппаған соң Жаңаөзенге барып, әйел мен бала жоғалғанын хабарладық. Сосын жоғалғандарды іздеуге құтқарушылар жедел қосылды» дейді Ирина.

2 қыркүйек күні іздеу жұмыстарының нәтижесінде Ольга мен баласы табылды. Туристердің көлігі беймәлім себеппен өртеніп кеткен екен.

«Олардың ас-суы аз еді, оның үстіне құла түзде қорықтың жыртқыш жануарлары бар, оларға шынымен үлкен қауіп төніп тұрған болатын. Егер құтқарушылар жедел қимылдамағанда әйел мен баланың жағдайы не болар еді, кім білсін. Біз Ольга мен баласын құтқаруға атсалысқан барша жанға шынайы ризашылығымызды білдіреміз» дейді Ирина Муравьева.



Соңғы жаңалықтар