Маңғыстауда газ баллоны жарылысынан жүк вагоны түгелдей өртеніп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 желтоқсанда таңғы сағат 04.30-да Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданының аумағында орналасқан № 464 айырығы ауданында № 109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті», - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға орнына ТЖ департаменті, Апаттар медицинасы орталығы, «ҚазмұнайТеңіз» МӨҚҚ және «ҚТЖ» компаниясыннан барлығы 30 адам, 7 техника және 1 өрт пойызы жіберілді. Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу үшін вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.


«Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алған. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді», - деді ресми өкіл.


Қазіргі болжам бойынша өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған. Сағат 07.19-да өрт сөндірілді, жүк вагоны толығымен жанып кетті.

Қазіргі уақытта Ішкі істер органдары қызметкерлері өртенген вагонды қоршады, сондай-ақ өрттің мән-жайын анықтау үшін Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру зертханасы жіберілді.

Айта кетерлігі, сағат 09.18-те жолаушылар вагондары Ақтөбе стансасына аттандырылды.


Соңғы жаңалықтар