Маңғыстауда еріктілер теңіз түбіндегі қоқысты жинады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаудың Түпқараған ауданындағы Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі Сайран Қылыш еріктілермен бірге теңіз түбіндегі қоқысты жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл әкімі арнайы су асты киімін киіп, құрлықтан 100 метр қашықта теңіз түбінен еріктілермен бірлесе отырып 3 тоннаға жуық қалдықты шығарған.

«Біз осыған дейін елдімекен тұрғындарының назарын ауыл ішіндегі қоқыстарға аударып келдік. Дегенмен, қоқыстардың бір бөлігі теңіз астында екендігі жасырын емес. Бұл бастаманың мақсаты - теңіз астындағы қоқыстарды айтарлықтай тазалап тастау емес. Әрине, бұл алғашқы қадамнан мүмкін емес. Басты мақсатымыз - тұрғындар назарын аудару, теңіз жағалауына демалу мәдениетін қалыптастыру»,- деді Сайран Қылыш.




Соңғы жаңалықтар