Маңғыстауда ауыл тұрғыны қайтарымсыз грант алып нан өнімдерін дайындап отыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда ауыл тұрғыны қайтарымсыз грант алып нан өнімдерін дайындап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайшы ауылының тұрғыны Нұржамал Серікқызы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 583 400 теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Бөлінген қаражатқа нан өнімдерін дайындауға арналған құрал-жабдықтарды сатып алып, кәсібін бастап кетті.

Нұржамал Серікқызы 2020 жылы «Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері оқу курсынан өтіп, сертификат алған.

«Нан өнімдерін, оның ішінде торт, самса, бөлке, пирог, тәтті бәліш, нан дайындап, тапсырыс алып бастағаныма 2 жылдай болды. Осы күнге дейін үйдегі қарапайым пешке пісіріп, өнім даярлауға көп уақыт жұмсап жүрдім. Мәселен, қарапайым пешпен бір торт дайындауға 3 сағат кететін болса, конвенциялық «Smeg» пешімен 1 сағатта даярлаймын. Грант есебінде берілген қаражатқа бірнеше құрал-жабдықтар сатып алдым. Бүгінде үйде тапсырыстарымды қабылдап, нан өнімдерін уақытылы жетізіп отырамын», - деді Нұржамал Серікқызы.

Ол алдағы уақытта кәсібін одан әрі дөңгелетіп, кондитерлік дүкен ашуды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар