Маңғыстауда ауыл балабақшасында жылыжай салынып, бүлдіршіндер алғашқы өнім алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында «Ақбөбек» балабақшасының бүлдіршіндері бөбекжайдағы жылыжайда өз қолымен отырғызған жемістердің алғашқы өнімін ала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың ас мәзірі үшін жемістерді сырттан келетін өнімдерден алмай Ақшұқыр ауылындағы жылыжайдан сатып алатынбыз. Осы уақытқа дейін жергілікті жылыжай өнімдерін балалар үшін қолданып келдік. Кейін өзіміз қолға алып көрейік деген ой келді. Балабақша жанындағы 48 шаршы метрді құрайтын бос жерді осы мақсатта дайындап бастадық. Былтыр карантинге байланысты жұмысымыз тоқтағанымен, биыл сәуір айында басталған істі аяқтап, міне алғаш өнімдерін ала бастадық. Балабақша бүлдіршіндері өздерінің алғашқы өнімдерін алып, дәм татуда», - деді балабақша басшысы Гүлжихан Нұрдәулетова.

Айта кетейік, бүгінде жылыжайдағы өнімдер құдықтың жерасты тұщы суымен суарылады.

Онда 120 түп қияр мен 37 түп қызанақ отырғызылған.


Соңғы жаңалықтар