Маңғыстауда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар бағыттағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, республикалық маңызы бар «Ақтау-Құрық», «Ақтау-Жетібай», «Жетібай-Жаңаөзен», «Жетібай-Шетпе», «Форт-Шевченкоға» дейінгі 43 шақырым тасжол жабылды.

Полиция жүргізушілер мен жолаушыларға жолда абай болуды ескертті.

Автожолдардың қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Синоптиктер Маңғыстауда қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар