Маңғыстауда 3 мың тоннадан астам мұнай заңсыз өндірілген

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында құны 500 млн теңгеден асатын 3 мың тоннадан астам мұнай заңсыз өндірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжатсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеуге қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

«Тергеу барысында «SK Petroleum» ЖШС-ның 2019 жылғы тамыздан бастап «Солтүстік Қарамандыбас» мұнай кен орнынан Жаңаөзен қаласындағы мұнай құятын базаларға жалпы көлемі 3441,408 тонна шикі мұнай тиегені анықталды. Заңсыз өндірілген 3367,056 метрикалық тонна көлеміндегі шикі мұнайдың орташа нарықтағы құны сарапшылардың сараптама қорытындысы бойынша 581 724 571 теңге тұрады», делінген хабарламада.

Аталмыш мұнайға соттың санқциясы бойынша тыйым салынды.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында «SK Petroleum» ЖШС директорының кінәсі толықтай дәлелденді. Айыпталушы тұлғалардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 197-бабы 4-бөлімі 2 тармағы және 214-баптың 2-бөлімі 2 тармағына сәйкес келеді. 20 сәуірде қылмыстық іс айыптау актісімен бірге соттың қарауына жіберілді», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар