+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Маңғыстауда 121 кәсіпкер 1 пайызбен несие алды

2020 жылғы 1 ақпан 09:56
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда 121 кәсіпкер 1 пайызбен несие алды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті қолдайтын «Нұр-Капитал» бағдарламасына сұраныс артып жатыр. Бүгінде аталған «Нұр-Капитал» бағдарламасы аясында 121 жоба үшін 2,4 млрд. теңгеге несие алынып, мыңның үстінде жаңа жұмыс орны құрылды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШОБ субъектілері қандай салықтардан босатылды Салықтан босатылатын қызмет түрлері көрсетілген Үкімет қаулысы шығады Төтенше жағдайдан бизнес саны қаншалықты қысқарғаны есептеледі

Бұл бағдарламаның ерекшелігі - кәсіпкерлерге 1% үстемақымен несие алып, бизнес бастауына мүмкіндік береді.

Соның ішінде, көш бастап тұрған Жаңаөзен қаласында 38 жоба, Мұнайлы ауданында 44 жоба, Бейнеу ауданында 12 жоба, Түпқараған ауданында 11 жоба, Маңғыстау аданында 9 жоба, ал Қарақия ауданында 7 жоба жүзеге асырылды.

Жоба аясында «ӨзенМұнайГаз» ААҚ-тан 900 миллион теңге және «Даму» қорынан 1,8 млрд. теңге қаражат бөлінген. Облыстың кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында жалпы құны 2,7 млрд. теңге болатын несие ресурстары бағытталды. Бұл қаражат АҚ «Forte bank», АҚ «Сбербанк», АҚ «Қазақстан Халық Банкі», сондай-ақ, АҚ «Банк Центр Кредит» банктері арқылы 8,5% бөлініп, жергілікті бюджет бойынша 7,5 пайызбен субсидияланған. Сәйкесінше, соңғы қарыз алушы үшін пайыздық мөлшерлеме 1% құрайды.

Берілетін қаражат инвестицияларға (негізгі құралдарды сатып алу және модернизациялау) несие сомасының 30 пайызынан асырмауды мақсат етіп, инвестициялық несие аясында айналым капиталын толықтыруға бөлінеді.

Несие мерзімі: инвестициялар үшін - 7 жылға дейін, ал айналым қаражаттарын толықтыру үшін - 3 жылға дейін.

Несие алушы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 85% дейін мемлекеттік кепілдік ала алады және оған несие тұрақты жаңа жұмыс орындарын құрайтын жағдайда ғана беріледі.

Өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм, қызмет көрсету – «Нұр-Капитал» жобасының негізгі бағыттары болып саналады, сәйкесінше барлық жобалар Өңірлік үйлестіру кеңесінің рұқсатынан өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT