+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Маңғыстауда 12 адам үй карантинінде отыр

2020 жылғы 20 қазан 13:27
Бөлісіңіз:
Маңғыстауда 12 адам үй карантинінде отыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 20 қазандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 49 адам ем қабылдап жатыр. Үй карантинінде оқшауланып отырған 12 адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте карантин кезінде тойханада 300 адамға арналған жиын ұйымдастырылған ШҚО-да демалыс күні жұмыс істеген көлік жуатын нысанның иесіне айыппұл салынды Еуропада карантин шектеуі жеңілдетіле бастады

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 49 науқастың ішінде 3 адамның коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Қалған 46-сы коронавирустық пневмония.

«Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 3 науқас жатыр. Оның 2-нің жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 23 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43»,- делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT