Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.95 eur/kzt 487.18

    rub/kzt 8.66 cny/kzt 68.91
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Маңғыстауда 10 мектептің директоры бизнеспен айналысқаны үшін айыппұл төледі

2022 жылғы 20 мамыр 17:46

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда білім мекемелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысында 10 білім ұйымының басшысы кәсіпкерлік қызметпен айналысып, заң бұзушылықтарға жол берді.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 154-бабы бойынша іс қозғалып, кінәлілер айыппұл төледі.

Өңірде осы сарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті білім мекемелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндірді.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған. Бүгінгі күні мектеп директорларының арасында кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар анықталып отыр. Сондықтан, бүгінгі кездесудің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қайта түсіндіру, - деді Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының басшысы Қайрат Бәйгебаев.

Бұдан бөлек, спикер мемлекеттік орган басшылары өздеріне бағынысты мекеме басшыларын тағайындау кезінде олардан активтері мен міндеттері туралы декларация қабылдауы шарт екенін айтып өтті.

Олай болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме басшылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның 11-бабын бұзған болып есептеледі.

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар