Маңғыстау облысының шалғай ауылында алғаш рет газ құю бекеті ашылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Сам ауылында алғаш рет газ құю бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сам ауылы аудан орталығынан шалғайда орналасқандықтан ауыл тұрғындарының жеке автокөліктеріне газ құюы қиын болатын. Енді ауыл тұрғындары және жергілікті автокөлік жүргізушілері көгілдір отынды қажеттіліктеріне сай қалаған уақытында пайдалана алады. Жаңа станцияда автокөліктерге газды тәулік бойы құю қызметтері қарастырылған. Аталған бекет стандартқа сай жан-жақты жабдықталған», - деді Сам ауылдық округінің әкімі Нұрғабай Әлімбаев.


Соңғы жаңалықтар