Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен Аманбек Қабдешұлы Жұмыров облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Жұмыров 1964 жылы туған. Білімі жоғары. 1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын, 2014 жылы Атырау мұнай және газ институтын, 2019 КДСЖМ Қазақстандық медицина университетін тәмамдаған. Еңбек жолын балалар ауруханасында дәрігер хирург болып бастаған. 2015 жылы Атырау облысы Махамбет аудандық орталық ауруханасында бас дәрігер болды. Кейінгі жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториясының директоры, облыстық балалар ауруханасының директоры қызметтерін атқарған.

А.Жұмыров ағымдағы жылдың маусым айынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар