Маңғыстау облысындағы ауылда карьерлер қоршаған ортаға қыруар залал келтірген

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданына қарасты Шетпе ауылында карьерлер қоршаған ортаға 13 млн. теңге көлемінде залал келтірген.

Осыған байланысты олардың бірқатарына 1 млн. 338 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов мәлімдеді.

Шаң басқан Шетпе. Ақ түтек құм. Карьерлердің зардабын тартқан тұрғындар. Бұл 15 жылдан бері бері шешімін таппай келге жатқан мәселе болатын. 30-ға жуық мекеме тыным таппастан құрылыс тастарын өндіру жөніндегі қызметін жүзеге асырды, одан дайын өнім-қиыршық тас алады. Алайда, кейбір кәсіпорындар ауаның сапасын нашарлатты.

Өндіру, жарылыс, түсіру-тиеу жұмыстары және оларды тасымалдау кезінде ауылды жиі шаңдатады. Осылайша, жақын орналасқан карьерлердің санитарлық-қорғау аймағына зертханалық жұмыстар жүргізілген болатын. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде экология департаменті өрескел заңбұзушылықтарды анықтады.

«ТАС» , «ДИС» , «Бай-Бег» , «Темиртас-1» , «Аян Ақтау» , «Нұра», «МКДСМ» сияқты компаниялардың жұмысына жүргізілген тексеріс нәтижесінде мемлекеттік экологиялық сараптама және экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асыру, тиісті шаң-тозаңды және қондырғыларды енгізу жөніндегі жобалық шешімдердің орындалмауы анықталған. Осы мекемелерге экологиялық заңбұзушылықтарды жойғанға дейін олардың кейбірінің қызметтерін тоқтата тұру туралы сотқа арыз жолданды. Қазіргі уақытта сот процестері жүріп жатыр»,-дейді Руслан Төкенов.

Осылайша, облыс әкімдігі мекемелерге барлық ұсақтау-сұрыптау қондырғыларын Шетпе ауылынан 10 шақырым қашықтықта орналастыруды тапсырды. «ШетпеТас» және «Сейдалиев» мекемелері жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылуы бір жақты тәртіпте тоқтатылды.





Соңғы жаңалықтар