Маңғыстау облысында сәуірде 3 мектеп карантинге жабылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 3 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қаласындағы ІТ лицейі, №7 мектеп-лицейі және Маңғыстау ауданындағы Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп жұмысын уақытша тоқтатқан.

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту (пәндердің 70%-ы мектепте, 30%-ы онлайн оқытылады) жүргізілуде.

Сыныптың толымдылығы – 25 бала, сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Мектеп формасы талап етілмейді.

Айта кетейік, өңірдегі барлық 158 білім беру ұйымы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз етілді (тепловизор, санитайзер, кварц лампалары). Алдағы уақытта арнайы жабдықтарды сатып алуға қосымша қаржы қаралды.



Соңғы жаңалықтар