Маңғыстау облысында сауда орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылмайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ведомствоаралық комиссияның отырысында сауда үйлерінің жұмысын сенбі күні сағат 22:00-ге дейін ұзарту туралы облыстың бас санитар дәрігерінің ұсынысы қабылданбады. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Бұған дейін Ғазиз Надуев Маңғыстау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақта болуына орай ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда, ойын-сауық, сауда үйлері мен орталықтарының жұмыс кестесін 22:00-ге дейін ұзарту туралы ұсыныс жасаған болатын.
Бассанитарлық дәрігердің ұсынысы қабылданбады. Карантин талаптарына сай сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Бұл нысандардың кестесі жұмыс күндері - 22:00-ге дейін, сенбіде - 17: 00-ге дейін. Жексенбі - демалыс.
- Германия қатаң карантин режимін 14 ақпанға дейін созбақ
- Қызылордада соңғы тәулікте төрт оқушы коронавирус жұқтырды
- Елордада карантинге қарамастан балалары ойын клубтарында жүрген 111 ата-ана жазаланды
- Бір аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті – ДДҰ
-
«Дубай – Алматы» рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды
-
Қазақстанда 11-17 қаңтар аралығында коронавирустан 54 адам көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам