Маңғыстау облысында коронавирус анықталған азамат Ыстанбұлдан ұшып келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Әнуар Сағымбаевтың айтуынша коронавирус анықталған азамат – 1974 жылғы БҚО тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Маңғыстау облысында коронавируспен ауыратын бірінші адам тіркелді. Ол – 1974 жылғы Орал қаласының тұрғыны. Бүгін таңғы 05.30-да ұшақпен Ыстанбұлдан Ақтауға ұшып келген. Ұшақта 74 адам болған. Олардың бәрі обсервациялық ауруханаға жатқызылды», - деді Әнуар Сағымбаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған азамат инфекциялық ауруханаға ауыстырылған.

Еске сала кетсек, бүгін коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы Маңғыстау облысында да тіркелген еді.


Соңғы жаңалықтар