Маңғыстау облысында бірнеше нысанның жұмысы уақытша тоқтайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысы бойынша алдағы демалыс күндері облыс аумағында карантин ережесіне қосымша шектеу шаралары енгізіледі,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы демалыс күндері қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалау мен аквапарктердің жұмысы тоқтайды.

Барлық базарлар мен фитнес клубтар, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмысын тоқтатады (ондағы, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сататын дүкендер мен бөлімдері жұмысы тоқтатылмайды, жалғаса береді).

Бұл шектеулер 27,28 маусым күндеріне жасалып отыр.

Талаптарды бұзған жағдайда заң бойынша шара қабылданады.


Соңғы жаңалықтар