Маңғыстау облысында 231 сайлау учаскесі жұмыс істейді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында сайлау жұмысын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз ететін 1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық - барлығы 8 аумақтық сайлау комиссиясы бар. Бұл туралы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сонымен қатар, Ақтау қаласы бойынша 78, Жаңаөзен қаласы бойынша 37, Бейнеу ауданы бойынша 28, Қарақия ауданы бойынша 16, Маңғыстау ауданы бойынша 22, Мұнайлы ауданы бойынша 36, Түпқараған ауданы бойынша 14, барлығы 231 сайлау учаскесі бар. Бұл учаскелердің жұмысын жүргізу үшін 1625 комиссия мүшесі тартылған», - деді Асқар Рзаханов.

Жыл басынан Ақтау қаласында жаңадан ашылған шағын аудандарға қоныс аударушылардың саны артты. Сәйкесінше, сайлаушылар саны өсіп, жаңа 4 сайлау учаскесі ашылды.

Жаңаөзен қаласы бойынша сайлаушылардың саны шектік деңгейге жетті. Нәтижесінде Қызылсай және Рахат ауылдарында қосымша 2 сайлау учаскесі құрылды.

Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінде сайлаушылар санының артуына байланысты 1 сайлау учаскесі, Түпқараған ауданы Сайын-Шапағатов ауылдық округі халқының саны 3000-нан асып кетуіне байланысты қосымша 1 сайлау учаскесі ашылды.

Барлығы 8 жаңа сайлау учаскесі құрылды.


Соңғы жаңалықтар