Маңғыстау облысында 20 мыңға жуық педагогтың жалақысы өсті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Өңірде 20 мыңға жуық педагогтың жалақысы 25%-ға өсті. Бұл туралы бүгін Қғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте өңірлік білім басқармасының басшысы Асқар Әбиұлы Сейдалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аймақ бойынша барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында 19 мың 844 педагог қызмет етеді. Атап айтсақ, 13 мың 623 мұғалім мектепте, ал колледждерде бір мың 399 оқытушы сабақ береді. Сондай-ақ балабақшаларда 1 мың 822 тәрбиеші штатта тұр.

-«2018 жылдан бері жаңартылған мазмұнда білім беріп келе жатқан бұл педагогтарға қосымша үстемақы төленуде. Еңбек өтілі 25 жылдан жоғары мұғалімнің жалақысы биылғы қаңтардан бастап 25 процентке көбейетінін ескерсек, сонда оның алатын айлығы 262 мың теңгені құрайтын болады. Ауылдық жерде жұмыс жасайтын мұғалімнің де айлығы осыншама пайызға өседі, яғни ол 282 мың теңгеге дейін жалақы алатын болады», - деді Асқар Сейдалиев.


Соңғы жаңалықтар