+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында 1200 бизнес нысанының жұмысы тоқтаған

2020 жылғы 6 тамыз 14:23
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында 1200 бизнес нысанының жұмысы тоқтаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келген Мәжіліс депутаты Сәкен Өтебаев әлеуметтік маңызды нысандарды аралаумен қатар, кәсіпкерлік саласына айрықша назар аударды. Өйткені, карантин кезіндегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі өзекті сұрақтардың бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысымен кездесті

Осы орайда өңірдегі кәсіпкерлерді қолдау шаралары нығайту мақсатында депутат түйіткілді мәселелерді талқылады. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен карантинде зардап шеккен шағын бизнес иелері арасында сауалнама жүргізілуде. Оның қазіргі нәтижесі бойынша кәсіпкерлер несиелерді шегеру, салық міндеттемелерін төлеу, өндіріс ауқымын азайту, шикізат құнының өсуі, 42500 әлеуметтік төлем алу, коммуналдық және ғимараттарды жалға алу төлемдері сынды бірқатар мәселелер анықталды. Депутатқа бизнес саласының 37 түрі бойынша 1200 орта және шағын бизнес нысандары жұмысын тоқтатқаны туралы айтылды. Соның салдарынан 2 мыңға жуық адам жұмыссыз қалды. Облыста орта есеппен өндіріс көлемі 18% кеміді. Карантин салдарынан азық-түлік емес нысандар: 40 сауда орталығы мен 32 базар, қоғамдық тамақтанумен айналысатын 380 мейрамхана мен дәмхана, 45 көлік компаниясы, 24 сұлулық салоны, 39 монша мен сауналардың жұмыстары тоқтады.

Одан әрі халық қалаулысы бірқатар кәсіпорындар жұмыстарымен танысып, Ақтаудағы бірқатар дәріханаларды аралады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT