+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында 11 адам жәндіктерге қарсы препараттардан уланған

2020 жылғы 20 ақпан 02:14
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында 11 адам жәндіктерге қарсы препараттардан уланған

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Биыл бір жарым айдың ішінде Маңғыстау облысында 11 адам жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы препараттардан ажал құша жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қаласының әкімдігі мен санитария саласының мамандары дүкендерге рейд жасап, түсіндіру шараларын жүргізді.

«Тарақан мен қандаладан шаршадыңыз ба?» Базар сыртында осындай жарналамалар жетерлік. Ал, дүкен сөрелеріндегі дәрілерден көз сүрінеді. Қалтаңыз көтерсе, қалағанын алуға болады. Қорғаныш маскасы мен арнайы киім болса болғаны. Абайлап, мөлшерімен қолдансаңыз, түк те болмайды – сатушылардың тұрғындарға ескертері осы ғана. Алайда, мамандардың айтуынша, бұған ешкім кепілдік бере алмайды. Алдымен, сатуға рұқсат қағазы болуы керек. Препараттардың түрлі әсері бар. Әсіресе, соңы адам өліміне әкеліп соққан жағдайлардың бірінде тұрғын үйлерге арналмаған улы химикат пайдаланылғаны анықталған. Сондықтан арнайы мекемелерге жүгінген жөн. Шараның мақсаты да осы – уланудың алдын алу.

«Негізгі міндет – дәрілеудің сапасыз, дұрыс қолданылмау салдарының алдын алу, кәсіпкерлер мен халыққа ескерту. Тексеріп, қарадық. Кейбір улы заттардың сертификаттары жоқ. Сертификаты болса да, оны қолдану бойынша түсіндіру шараларын жасамайды», - дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман.

Қалада 1 мыңға жуық тұрғын үй болса, оларға 77 пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетеді. Тәртіп бойынша, олар жылына 2 рет жертөлені жәндіктерге қарсы улауы тиіс. «Ал, пәтер ішін дезинфекциялауды тұрғындар өз жауапкершілігіне алады», - дейді С.Гусман.

Айта кетейік, былтыр дезинсекция және дератизация препараттарынан уланудың 13 оқиғасы тіркеліп, 3 адам көз жұмды. Оның екеуі – бала. Жуырда тағы бір отбасы ажал құша жаздады. Абырой болғанда, дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, 3 адамды аман алып қалды. Ал жалпы, жыл басталғалы облыста 11 адам уланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT