Маңғыстау облысына коронавирус вакцинасының 10 мыңнан астам дозасы жеткізілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат- Маңғыстау облысын коронавирус вакцинасының 10 600 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның 1 000 дозасы Бейнеу ауданына беріледі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен жұмыс істеу тәжірибесі бар. СОVID-19 инфекциясының алдын алу үшін вакцинаны сақтау, есепке алу үшін барлық жағдай жасалған. Айта кету керек, бүгінде барлық екпе алғандар өзін жақсы сезінеді. Теріс нәтиже байқалмады», - деді Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтер және лицензиялау бөлімінің бас маманы Мөлдір Қадылбекова.


Вакцинаның 9 600 дозасы (4 800 доза І компонент, 4 800 доза ІІ компоненті) қалалық және аудандық медициналық мекемелерге жөнелтіледі.

Жалпы өңірде келесі аптадан бастап тұрғындарды жаппай вакцинациялау басталады.

Вакцинациядан бұрын міндетті түрде тіркелген жері бойынша емханадағы дәрігерден кеңес алуы керек. Дәрігерлер пациентті тексеріп, содан кейін препаратты егуге рұқсат береді.

Мысалы, Ақтау қаласында №1 және 2 Ақтау қалалық емханаларында, сондай-ақ «Нейрон» медициналық клиникасында вакцина алуға болады.


Вакциналау басталғаннан бері облыста 2 965 адам вакцина салдырды.

Бүгінде вакцинаның I компонентімен 175 адам егілді. 55 адам вакцинаның екінші компанентін алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік «Sputnik V» вакцинасымен дәрігерлер, педагогтар және құқық қорғау органдары егілді.



Соңғы жаңалықтар