Маңғыстау облысы Инвестициялар және туризм басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы болып Венера Мұстапаева тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұстапаева Венера Тұранқызы 1966 жылы туған. Білімі жоғары. «Қаржы және несие», «Теміржол көлігімен тасымалында үрдістерді басқару» мамандықтары бойынша жоғары білім алған.

1993 жылы Маңғыстау облыстық Қаржы басқармасының акционерлік қоғамдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілерін және компанияларды тіркеу бойынша жетекші маман болып жұмыс істеген. 2013 жылға дейін Кәсіпкерлік басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2013 - 2015 жылдар аралығында Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары болды. 2015 жылдан бері Маңғыстау облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.



Соңғы жаңалықтар