Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 маусымда Нұрлан Ноғаев аппараттық жиында ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген облыс әкімінің бірінші орынбасарын таныстырды. Ол - бұрын облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Бекбол Орынбасаров, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бекбол Орынбасаров әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Саяси экономия және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша, Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Сонымен қатар Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құқық магистрі.

Б. Орынбасаров еңбек жолын 1993 жылы Форт-Шевченкода Маңғыстау облыстық кеден басқармасының «Баутино» кеден бекетінің инспекторы лауазымынан бастаған.

1996 жылдан 1998 жылға дейін банк және қаржы секторында еңбек етті.

1999 жылы Ақтау қалалық әкімшілігінің мүлікпен басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2005 жылға дейін Ақтау әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

Кейін Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2006 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ішкі әкімшілік департаментінің бухгалтерлік есеп және кадр жұмысы, ақпараттық технологиялар және ұйымдастыру техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болды, онда 2019 жылға дейін еңбек етті.

2019 жылдан бастап 2021 жылдың наурызына дейін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2021 жылдың наурыз айынан бастап, бүгінгі күнге дейін - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.


Соңғы жаңалықтар